Ақмола облысында 14 жастағы қызды аса қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

Жасөспірім мойын тұсына жасалған пышақ жарақатынан көз жұмған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында 14 жастағы қызды аса қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам ізін суытуға тырысыпты. Алайда полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін бір тәулікке жеткізбей анықтаған. Бүгінде адам өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, қанды қылмыс облыстағы Ынтымақ ауылында болған. Жасөспірім мойын тұсына жасалған пышақ жарақатынан көз жұмған.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ерлан Ақбаров.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда 17-қабаттан секірмек болған бойжеткен аман қалды

Новости партнеров