Алдын-ала мәліметке сәйкес, көлік басқарған азамат күзетші болып жұмыс істейді
Ақмола облысындағы Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға кеше таңертең мектептің жанындағы жарықтандырылған жүргіншілер өткелінде болған. Соққы салдарынан екі қыздың басы жарақаттанып, миы шайқалыпты. Оқушылардың бірінің кеуде қуысы көгеріп, ішіне соққы тиген. Сондай-ақ жамбас буыны зақымданған. Ал екінші қыздың қолы жарақаттанған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, көлік басқарған азамат күзетші болып жұмыс істейді. Ол түнгі кезекшіліктен шыққан.
Ниссан Премьера автокөлігінің жүргізушісі Қоянды ауылындағы жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған екі қызды қағып кеткен. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Аталған факт бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.
Оқи отырыңыз: Гонконгтағы өрт: 13 адам тұтқындалды