Ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр
Ақмола облысында кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, олар бизнес иесіне «қорған боламыз» деген желеумен қомақты қаражат талап етіп, көнбеген жағдайда күш қолданамыз деп қоқан-лоқы көрсеткен. Қолға түскендердің бірі аралас жекпе-жек жаттықтырушысы болып шықты. Қазір екі азамат та уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Қазір ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ал істің барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады. Бопсалағаны үшін екі ер адамға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді Полиция департаментінің инспекторы Альмира Рахматулина.
Оқи отырыңыз: Заңсыз ойын бизнесін насихаттау: Маха.dxb атты блогер халықаралық іздеуге жарияланды