Ақмола облысында жоғалып кеткен 86 жастағы қария табылды

15.11.2026 12:38

Ақсақал полицейлерге алғыс білдірді

polisia.kz

Полицейлер Сандықтау ауданының Шантөбе кентінде тұратын 86 жастағы қарияны іздеп тауып, туыстарына аман-есен табыстады,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғыз тұратын зейнеткер ВАЗ-2107 көлігімен жолға шыққан. Алайда жолда көлігі жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен.

Егде жастағы ер адам өздігінен шыға алмаған, сондай-ақ болған жағдай туралы жақындарына хабарлай алмаған.Келесі күні Анатолий Захарович байланысқа шықпаған соң, туыстары алаңдай бастаған. Олар ер адамның жоғалғаны туралы дереу Сандықтау аудандық полиция бөліміне хабарлаған.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен жоғалған қарияның туыстары жедел кірісті. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, зейнеткердің жүріп өткен бағытын анықтаған және одан әрі іздестіру шараларын ұйымдастырған.

Сол күні полицейлер жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен автокөлікті тапқан. Көлік жоғалған зейнеткер болған. Осылайша, қария табылып, туыстарымен аман-есен қауышты.

Анатолий Захаровичтің немересі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет еткені, жанашырлық танытып, қиын жағдайда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол автокөлікті жырадан шығарып, эвакуациялауға көмектескен полицейлердің еңбегін ерекше атап өтті.

Оқи отырыңыз: ТЖМ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік шараларын еске салады

Толық көрсету