Бағалау аяқталғаннан кейін қос тарап қорытынды брифинг өткізеді
АҚШ Қазақстаннан тікелей әуе рейсін ашу үшін тексеріс бастады. Көлік министрлігінің мәліметінше, аудит бүгіннен бастап 25 қыркүйекке дейін жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұхиттың арғы бетінен келген мамандар еліміз халықаралық авиация талаптарын қаншалықты сақтап отырғанын тексереді. Олар ұшқыштар мен авиация қызметкерлерінің лицензияларын, ұшақтардың ұшуға жарамдылығын және әуе кемелерінің талапқа сай пайдаланылуын тексереді.
Бағалау аяқталғаннан кейін қос тарап қорытынды брифинг өткізіп, қаралған бағыттар бойынша жазбаша есеп ұсынады.
Айта кетейін, екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу мәселесі 2020 жылдан бері көтеріліп келеді.
Оқи отырыңыз: Алматыда қалдықтың қалай пайдалы затқа айналғанын көрсетті