Ақша жинауға қатаң тыйым салынды: мектеп бітіру кеші білім беру ұйымында өтеді

13.04.2026 15:25

Оқу-ағарту министрлігі ескерту жасады

Almaty.tv

Елімізде мектеп бітіру кешіне ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Оқу-ағарту министрлігі осындай ескерту жасады,  деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомство Ішкі істер министрлігі және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, жаңа талаптар енгізіп, арнайы бұйрық қабылдамақшы. Соған сай, енді аттестаттарды табыстау рәсімі, мектеп бітіру кештері де тек білім беру ұйымдарында өтуі тиіс. Одан тыс жерлерде ұйымдастыруға болмайды. Полиция құқық бұзушылықты болдырмау үшін қоғамдық тәртіпті бақылауға алады.

Оқи отырыңыз: Балалар кітапханасы: елімізде білім беру ұйымдарында балалар әдебиеті онкүндігі басталды