Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

21.04.2026 16:27

Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Павлодар облысындағы Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, темір ұсатушы болып жұмыс істеген азамат металл ұсақтау кезінде көз жұмған. Жарақаты ауыр болғандықтан оны аман алып қалу мүмкін болмады. Мекеме марқұмның жақындарына көмек көрсетеміз деп уәде етіп отыр. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс жүргізу кезінде 2002 жылы туған азамат жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Асқар Қапанов.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығуы мүмкін