Ақтауда 592 миллион теңгенің заңсыз тендері анықталды

29.05.2026 21:15

Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау облысында бюджет қаражатын заңсыз жұмсау деректері анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Прокуратура мәліметінше, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы бір көзден сатып алу тәсілі арқылы жалпы құны 592 миллион теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу жүргізген. Сонымен қатар Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданына қарасты Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін бюджеттен 29,5 миллион теңге көлемінде заңсыз төлем жасапты. Қадағалау органы анықталған заңбұзушылықтарды жойып, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

«37 шағынауданындағы абаттандыру жұмыстарды талдау барысында, визуалды қарау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде тиісті АКТ жасақталып, заңбұзушылық анықталды. АКТ негізінде заңбұзушылықтар жойылды. Сонымен қатар әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен аталған лауазымды тұлғалар атқарып отырған қызметіне сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді Маңғыстау облысы Прокуратурасының басқарма прокуроры Арон Есболаев.

Оқи отырыңыз: Балалар қауіпсіздігі – басты назарда: Заң бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілді