Сондай-ақ 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді
Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылы алимент алушылардың пайдасына 134,8 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңғыстау облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның ішінде алимент бойынша борышкерлерден 2 пәтер, 1 жер учаскесі мен 3 автокөлігі тәркіленіп, берешек есебіне өндіріп алушыларға берілді.
Мысалы, жеке сот орындаушының берешекті анықтау туралы қаулысына сәйкес борышкердің берешек сомасы 37,8 млн теңгені құраған.
Тексеру барысында борышкердің атында автокөлік бар екені анықталды.
Жеке сот орындаушымен аталған автокөлік 25,5 млн теңгеге бағаланып, берешекті өндіру мақсатында өндіріп алушының пайдасына берілді.
Ал басқа жағдайда, азаматтан берешек өндіру мақсатында 13,4 млн теңгеге бағаланған пәтердің үлесі өндіріп алушының пайдасына берілді.
Одан басқа, кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 46 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті ескертеді және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Президент Жолдауын іске асыру және оны шетелде ілгерілету мәселелері талқыланды