Ақтауда робот-иттер қызметке кірісті

polisia.kz
polisia.kz

Бұған дейін робот иттер Астана және Алматы қалаларында енгізілген болатын

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтауда қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында робот-иттер қолданысқа енгізілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Робот-иттер қоғамдық орындарды патрульдеуге, жедел жағдайды бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға пайдаланылады.

Заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған кешендер нақты уақыт режимінде ақпаратты жедел басқару орталығына жеткізе алады.

Сонымен қатар робот-иттер күмәнді заттарды анықтауға, түтін шығу және өрт белгілерін тіркеуге, сондай-ақ тиісті дабыл сигналдарын автоматты түрде төтенше қызметтерге жолдауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта оларды арнайы және терроризмге қарсы іс-шараларды өткізу кезінде қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.

Қосымша жаңғырту жұмыстарынан кейін роботтар қауіпті нысандарды қашықтан тексеруге және қызметкерлердің өміріне қауіп төндірмей күмәнді заттарды жылжытуға пайдаланылмақ.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қоғамдық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін робот иттер Астана және Алматы қалаларында енгізілген болатын.

Енді озық технологиялар Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне де жұмылдырылмақ.

Оқи отытыңыз: ШҚО-да шахтада кенші қаза тапты

Новости партнеров