Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәлім еткендей, қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы қайғылы оқиға бойынша Үкіметтік комиссия құрылды