Іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да тартылды
Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында жоғалған баланы іздеу жұмыстары бес тәуліктен бері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Іздестіруге полиция қызметкерлері, ТЖД бөлімшелері, құтқарушылар (соның ішінде сүңгуірлер), кинологтар жұмылдырылып, ұшқышсыз ұшу аппараттары, арнайы техника қолданылуда.
Іздеу жұмыстарына әскери қызметшілер мен жергілікті тұрғындар да тартылды.
Бүгін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен арнайы барып, кәмелетке толмағанды іздестіру жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Қ.Әлиев жоғалған баланы іздестіруге жұмылдырылған жеке құрамға іздестіру тиімділігін арттыру бойынша нұсқама өткізіп, әрқайсысына барынша мұқият болуды, ешбір күдікті детальді назардан тыс қалдырмауды және уақытылы баяндауды тапсырды.
Естеріңізге салай кетейік, 29 наурызда Сарыжар ауылында 2016 жылы туған бала жоғалып кетті.
Оқи отырыңыз: ІІМ Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша істі тергеуде жұмысты күшейтті