Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жол-көлік оқиғасы 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Самара–Шымкент тасжолында болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлғайсын ауылы маңындағы жол апатынан 5 жолаушы көз жұмды.
"Жүргізуші Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған кезде Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылды. Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған. Жол апатынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Оқи отырыңыз: 8 желтоқсанда елдегі қай жолдар ашық