Іздеуге құтқарушылар, кинологиялық жасақ, ұшқышсыз ұшу аппараты, полиция қызметкерлері мен туыстары тартылды
Ақтөбе облысының Алға ауданында Ақай ауылынан «Алакозы» шаруа қожалығына қарай қарда жүретін көлікпен шығып, байланысқа шықпай қалған 1978 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеуге құтқарушылар, кинологиялық жасақ, ұшқышсыз ұшу аппараты, полиция қызметкерлері, туыстары тартылды. Олар жету қиын жерлерді қоса алғанда, кең аумақты тексерді.
«Іздестіру тобы Ақшоқы қыстағында жоғалған адамды тауып алып, жедел түрде Сарықобда ауылына жеткізілді. Оған медициналық көмекке қажет болмады», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Екі өңірде ақбөкендерді заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды - ІІМ