Ақтөбе облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты

11.04.2026 10:27

Үш адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді

Аlmaty.tv

Ақтөбе – Жайсаң автожолында екі көлік соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 10 сәуірде шамамен сағат 23:00-де болған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - делінген ПД хабарламасында.

Ал екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Әсіресе түнгі уақытта жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау және шаршаған күйде көлік басқармау қажеттігіне назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз айналымнан “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді