Ақтөбе облысында тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

04.05.2026 20:44
Almaty.tv

Ақтөбе облысында 27 жастағы ер адамды танысы пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның мәйітін Хромтау қаласының тұрғындары көпқабатты тұрғын үй ауласынан тауыпты. Жедел іздестіру шаралары барысында қайтыс болған азаматтың 22 жастағы танысы қолға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, олар бірге ішімдік ішіп, сөзге келген. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында, сот-медициналық сараптама тағайындады. Ол кінәсін мойындаған

Оқи отырыңыз: Қанды оқиға: қаза болған жасөспірімнің туыстары әділдік талап етті