Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 бірдей адам қаза тапты

26.01.2026 14:13

Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 4 бірдей адам қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Ақтөбе – Орынбор тас жолында, Сарыжар ауылының маңында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Hyundai Solaris және ВАЗ көлігіне соқтығысқан. Оқиға орнында үшінші темір тұлпар тізгініндегі азамат пен үш жолаушы көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Бүгінде олар жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Осыған байланысты, азаматтардан жол ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды сұраймыз», – деді Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Өтеген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда фармацевтика саласындағы ауқымды схема әшкереленді