Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты бұрынғы күйеуі ұсталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты күдікпен бұрынғы күйеуі ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай ажырасқандар арасындағы тұрмыстық жанжалдан кейін болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Келіншектің тұншығудан көз жұмғаны анықталды. Марқұмның артында кәмелетке толмаған баласы қалды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұл өңірдегі бір апта ішінде әйел өліміне қатысты екінші қайғылы жағдай. Бұған дейін жас қыз неке қию рәсімі өтіп жатқан залда пышақ жарақатынан көз жұмған еді.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала анықталғандай, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан жасалған. Бұл ретте, бұған дейін полицияға аталған тұлғаларға қатысты тұрмыстық  жанжалдарға болғаны жайлы ешқандай арыз-шағым немесе хабарлама түспеген. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Асет Қалиев.

Оқи отырыңыз: Егде жастағы кісі мен әйелге шабуыл жасаған астаналық қамауға алынды