Ақтөбеде автогаз құю стансасының аумағында өрт шықты

03.03.2026 14:38

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Ақтөбеде автогаз құю стансасының аумағында жойқын жарылыс болып, артынша өрт тұтанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оқиға қаланың Алматы ауданына қарасты Ақжар көшесінде болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, қызыл жалын газ тасымалдаушы автокөлік пен операторлық бөлмені шарпыған. Өртті сөндіруге шамамен 60 қызметкер мен 16 арнайы техника жұмылдырылыпты.

«Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда», – деді Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының аға инженері Аслан Қожагелдин.

Оқи отырыңыз: Ақша ұстай білетін адамдардың 5 әдеті

Теги: өрт