Ақтөбеде қатты желдің салдарынан бірнеше бағыттағы жол жабылды

14.01.2026 15:49

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерді алыс жолға шықпауды ескертті

Almaty.tv

 Ақтөбе облыстық ПД және облыстық ТЖД өңірдегі бірнеше жолдың уақытша жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі автожолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды:
• Ақтөбе – Астрахань автожолы (Ақтөбе қаласынан Қандыағаш қаласына дейін) — жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық;
• Самара – Шымкент автожолы (Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ кентіне дейін) — жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық;
• Ақтөбе – Болғарка автожолы — жүк және қоғамдық көліктер үшін жабық;
• Ақтөбе – Астрахань автожолы (Қандыағаш қаласынан Атырау облысының шекарасына дейін) — барлық көлік түрлері үшін жабық.

"Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерді алыс жолға шықпауға, жол белгілерінің талаптарын және полиция қызметкерлерінің нұсқауларын қатаң сақтауға шақырады. Қажет болған жағдайда, қозғалыс шектеулерін ескере отырып, бағытты алдын ала жоспарлау ұсынылады. Жағдай тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында. Қозғалыстың қайта жандануы туралы қосымша хабарланады. Өңір тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 қаңтар аралығында ауа райы қандай болады