Жол апаты 25 қазанда болған
Ақтөбеде көлік қағып кеткен 7 жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап
Жол апаты 25 қазанда болған. Оқиға кешкілік «Қоныс» спорт кешенінің жанында орын алған.
Қыз бала ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бір ай бойы баланың өмірі үшін күрескенімен, қыз бала алған жарақаттарынан айыға алмай, қайтыс болды.
«Жүргізуші оқиғадан кейін қамауға алынды. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша іс тергелуде», - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да жол апатынан 8 адам қаза тауып, 4 адам жараланғаны хабарланған болатын.
Оқи отырыңыз: Алматыда полицейлер ірі көлемдегі интернет-алаяқтықтың жолын кесті