Ақыл-есі дұрыс емес: Шымкентте көшедегі әйелді бауыздап кеткен ер адам түрмеге қамалмайды

18.05.2026 18:38

Оны сот азаматты психиатриялық стационарға емдеуге жіберді

Шымкентте көшеде кетіп бара жатқан әйелді бауыздап кеткен ер адам түрмеге қамалмайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өйткені оның ақыл-есі дұрыс емес. Сондықтан сот азаматты психиатриялық стационарға емдеуге жіберді.

Еске салсақ, қанды қылмыс қаңтарда болған. Емханадан шығып, үйіне қарай бет алған келіншекке белгісіз адам шабуыл жасап, бірнеше рет пышақ сұққан. Онымен қоймай, суық қарумен мойнын да осып жіберген. Ал тәртіп сақшылары келген кезде күдікті қашпақ болып, қарсылық білдірген.

Айта кету керек, айыпталушы бұған дейін терроризмдi насихаттағаны үшін сотталған.

«Қылмыс жасау барысында шизофрения параноидтық күйі, эпизодтық ағымда, параноидтық синдромы күйінде психикалық ауыр жағдайда болған. Ол өзінің жасаған әрекетін ұғына алмаған. Ол психикалық жағдайына байланысты тергеу мен сот алдында жауап бере алмайды. Психикалық жағдайына байланысты мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді», – деді судья Бақытжан Түнәлиев.  

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жүк көліктерін заңсыз тіркеген қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды