Қазақстандық гимнаст екі бірдей жүлдеге ие болды
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Болгариядағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.
Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей бағдарламасы бойынша финалдық кезеңі басталды.
«Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева үш бірдей финалға бірінші орынмен жолдама алып, екі жүлдеге ие болды», - делінген хабарламада.
Доппен көрсеткен өнері үшін Ерекешева 26.150 ұпай жинап, әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда 26.950 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, 22 маусымда Ақмарал Ерекешева таспамен, ал Айғаным Рысбек ұршықтармен орындалатын жаттығу финалына қатысады.
Оқи отырыңыз: Зарина Дияс Испаниядағы турнирде жеңіске жетті