Қайғылы жол апаты Астана–Петропавл тасжолында болған
Ақмола облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан 16 жастағы қыз бала қаза болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 26 қыркүйекте Астана–Петропавл тасжолының 289-шақырымында болған.
«Hyundai Santa Fe және КамАЗ-55111 автокөліктері соқтығысып, соның салдарынан Hyundai көлігіндегі 16 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ 65 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға және көліктерінің техникалық жағдайына назар аударуға шақырады
Оқи отырыңыз: Алматыда балалар арасында қызылша ауруы 90%, көкжөтел сегіз есе азайды