Ақмола облысында «S-Group» қаржы пирамидасының бөлімше басшыларына қатысты тергеу аяқталды

13.10.2025 13:35

Күдіктілер ақшаға елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған

Ақмола облысында «S-Group» қаржы пирамидасының бөлімше басшыларына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Еске салсақ, күдіктілер бұған дейін медициналық каннабис өндірісіне және оның тасымалына инвестиция құямыз деген сылтаумен салымшылардан қаражат жинаған. Жобаға қатысу үшін әр адамға кем дегенде 100 АҚШ долларын құю талап етілген. Ал іске 59 адам тартылып, жалпы сомасы 136 миллион теңге жинақталыпты. Дегенмен күдіктілер ақшаға елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған.

Атап өтейік, оқиғаға қатысы бар азаматтардың қозғалысына шектеу енгізу туралы шешім шығарылды.

«Ұйымдастырушылар «S-Pharmaceutical» медициналық каннабис өндірісі мен таратуы және басқа жобаларға инвестиция деп ұсынған. Олар әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5 пайызы кепілдендірілген табыс болатынын уәде еткен. Үш ұйымдастырушыға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салу және тәртіп сақтау туралы қолхат түріндегі шара қолданылды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Биыл 400-ге жуық ескі үйдің  иесі жаңа пәтердің кілтін алды