Ақмола облысында жетім балаларды тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кінәлі тұлғалар жазаланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқығын қорғады, деп хабарлайды Almaty.tv

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жетім балалардың баспана алуға бірінші кезектегі құқығы бар.

Бүгінгі таңда прокуратура актілері бойынша 42 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқығы қалпына келтірілді.

Пәтерлерді қайтару, кезектен заңсыз алу, тұрғын үй алуға өтінімдерді қабылдау және т. б. мәселелер бойынша шаралар қабылданды.

"Мысалы, облыс орталығында жетім бала өтінім беру кезінде ешқандай негізсіз кезекке қоюдан бас тартылған. Басқа жағдайда, аудан орталықтарының бірінде 2 жастағы жетім балаға арналған пәтерде бөгде адам тұрған", - делінген хабарламада.

Қадағалау актісі бойынша жетім балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жазаланды.

Жұмыс жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Малды ығыстырып, егінді таптап жатыр: фермерлер киік санын реттеуді талап етті

Новости партнеров