Ақмола облысында жоғалып кеткен бойжеткен түнде қамыс арасынан табылды

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Құтқарылған қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында жоғалып кеткен қыз қамыс арасынан табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеше түнде демалыс кезінде 1991 жылы туған Астана қаласының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары, кинологиялық есептер мен еріктілер дереу түрде жұмылдырылды. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппараты да тартылды.

«Қыз батпақты жерлерге арналған арнайы көлік – болотоходтың көмегімен Целиноград ауданының Өтеміс ауылынан 8 шақырым жерде Қосқопа көлінің маңынан қамыс арасынан табылды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарылған азаматша жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ерекше атап өтетің жайт, құтқарылған қыздың ертең туған күні екені белгілі болды. Ал құтқарушылардың бірі өз туған күнін дәл осы іздестіру-құтқару операциясы кезінде атап өтті. Жұмыс аяқталған соң еріктілер оны туған күнімен шын жүректен құттықтап, қошемет көрсетті.

Оқи отырыңыз: Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген 1,5 жастағы сәби көз жұмды

Новости партнеров