Ақмола облысында жол апатынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға Астана – Петропавл тасжолының 277-ші шақырымында болған.

«Көкшетау мен Щучинск аралығында Kia K5 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысқан. Жол апатынан Volkswagen Passat жүргізушісі мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды», - делінген хабарламада.

Kia K5 көлігінің үш жолаушысы мен жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Тәртіп сақшылары мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілер, әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде жылдамдықты қатаң сақтап, көліктің техникалық жағдайын қадағалау керек екенін еске салды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты

Новости партнеров