Ақмола облысындағы жаппай көлік апатына кінәлілер әлі анықталмады

31.07.2025 13:19

Биыл қаңтарда 95 автокөліктің соқтығысуымен жол апаты болған

Аlmaty.tv

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында биыл қаңтарда 95 автокөліктің соқтығысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Сіз айтқан жол-көлік оқиғасына қатысты сандарға көшкім келеді. Егер 3 қаңтарда сағат 11:30-да болған Астана-Щучье тасжолындағы жол-көлік оқиғасына келер болсақ, ол жерде 97 автокөлік апатқа ұшыраған. ЖКО деректеріне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Сот процестері болып жатыр. Кінәлілер әлі анықталған жоқ. Процесс жалғасуда, - деді Дархан Иманашев. 

Оның айтуынша, жол қызметі мен полиция барлық қажетті шараны жасаған. Ал кейбір жүргізуші тиісті ережені сақтамаған.

Оқи отырыңыз: Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі