Ақмолада білім бөлімі 4 мыңнан аса қызметкеріне жалақы бойынша берешек болып қалған

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/
Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен жұмыскерлерге 178 млн теңге көлемінде жалақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізді. 

"Осы жұмыс аясында Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімінің 4472 қызметкерлеріне 178 млн теңге көлемінде жалақы берешегін анықтады. Қадағалау актісіне сәйкес аталған қарыз толық өтелді, осылайша жұмыскерлердің 4472 конституциялық құқығы қорғалады", — делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Оқи отырыңыз: Сейсмологтар Алматыдан 379 км қашықтықта жер сілкінісін тіркеді

 

Новости партнеров