Ақмолалық құтқарушылар 2 адамды Аршалы кентіне эвакуациялады

08.11.2024 09:33

Бүгін түнде Аршалы ауданы Ижевское ауылының маңындағы өрісте жеңіл автокөлік кептеліп қалды

ТЖМ

 Ақмола облысында ТЖМ құтқарушылары төтенше жағдайда қалып қойғандарға көмекке келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін түнде Аршалы ауданы Ижевское ауылының маңындағы өрісте жеңіл автокөлік кептеліп қалды. Жүргізуші өздігінен шыға алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.

"Құтқарушылар жоғары өтпелі автокөлікпен оқиға орнына жетіп, 2 адамды Аршалы кентіне эвакуациялады. Медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз", — деп ескертті ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Ақмола облысында 15 тонна шөптің жануы сөндірілді. Аршалы ауданының Красное озеро ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында жиналған шөптің жануы орын алды. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің шаруашылық құрылыстарға таралуына жол берілмеді.

"Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТЖМ шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады", — деп түйіндеді ТЖМ қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматыда іскерлік белсенділіктің артуы байқалады