Ақтауда 11 жастағы қыз футбол қақпасының астында қалып, ауыр жарақат алды

29.10.2024 20:00

Ақ халаттылар қыз баланың жабық бас ми жарақатын алғанын мәлімдеді

Ақтауда 11 жастағы қыз ойын алаңындағы футбол қақпасының астында қалып, ауыр жарақат алды. Ақ халаттылар қыз баланың жабық бас ми жарақатын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңдай сүйегі сынған. Дәрігерлер мектеп оқышысының бетіндегі жарақатын тігіп, ем жасаған. Қыз баланың әжесі ойын алаңында жөндеу жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай жүргізілмеген айтып ашуланды. Ешқандай қоршау, белгінің жоқтығынан немерем осындай жағдайға ұшырады деп отыр.

"24 күні бала сағат 18.00-де құлады ғой. Қақпа құлап кетіп, қатты қан кетті. Жедел жәрдем тез жетті. Олар бірден қанды тоқтатудың амалын ойлады. Дәрігерлер «пластикалық ота жасау керек» дейді. Олардың айтуынша, 5-6 ай балаға күтім жасалатын жерге жіберу керек", – деді жәбірленушінің әжесі Тамара Бөлтекова

Дәрігер 11 жастағы қыздың травмотология бөлімінде емделіп жатқанын және шамамен 5 күннен кейін амбулаторлық ем жасауға шығарылатынын жеткізді.

"Науқасқа  жабық бас ми жарақаты, маңдай сүйегінің линиялық сынығы, бас миының соғылуы орташа ауырлықта, маңдай аймағының кесілген жарақаты диогнозы қойылды. Қазіргі таңда баланың жағдайы орташа ауырлықта. Травматология бөлімшесінде ем алуда", – деді Маңғыстау облысы Балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері Ербол Кенжевалов.

Оқи отырыңыз: Ауласынан спорт зал салған жаттықтырушының шәкіттері чемпион атанды