Қазір ана мен сәбидің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында
Ақтауда облыстық перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 690 грамм алып қыз бала дүниеге келді. Нәресте кесарь тілігі арқылы өмірге келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дәрігерлердің мәліметінше, сәбидің анасының жүктілігіне диабет, ауыр преэклампсия мен семіздік сияқты аурулар әсер еткен. Бұл аурулар баланың дамуына, соның ішінде салмағына да ықпал етуі мүмкін.
Қазір ана мен сәбидің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.
Медицина қызметкерлері жүктілікке алдын ала дайындалып, уақтылы тексерілу керегін айтады. Әсіресе созылмалы аурулары бар әйелдер үшін бұл өте маңызды.
"Жүктілікті жоспарлап, алдын ала тексеруден өтіп, болашақ ана үшін барынша қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұл ана мен баланың денсаулығына қатысты қауіптерді азайтуға көмектеседі", — дейді перинаталдық орталықтың мамандары.
Оқи отырыңыз: Дәрігерді соққыға жығу әрекеттеріне жаза күшейтіледі — заң жобасы