Қазіргі таңда қыз баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр
Ақтау қаласындағы демалыс орындарының бірінде қараусыз қалған 5 жасар қыз бала бассейнге құлап, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, бүлдіршін ата-анасының бақылауынсыз қалып, тереңдігі 1,5 метрлік бассейнге түсіп кеткен.
Кезекшілік атқарып жүрген құтқарушы дер кезінде баланың суға батып бара жатқанын байқап, шұғыл әрекет етіп, оны судан шығарып алған. Алғашқы көмек көрсетілген соң, бала медициналық мекемеге жеткізілген.
Қазіргі таңда қыз баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.
Оқи отырыңыз: Алты айда 4 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды