Ақтауда көлік қаққан екі баланың бірі жансақтау бөлімінде жатыр

27.05.2025 14:40

14 мамырда өңірде жүргіншілер жолынан өтпек болған екі жеткіншекті көлік қағып кеткен

Ақтауда көлік қаққан екі баланың бірі оңалып келеді. Ол қазір өздігінен тыныс алып, тамақтанатын хәлге жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал екіншісі әлі күнге дейін ес-түссіз, жан сақтау бөлімінде жатыр. «Баланың жағдайы ауыр» деген дәрігерлер оның толық бақылауда екенін айтты.

Еске сала кетейік, 14 мамырда өңірде жүргіншілер жолынан өтпек болған екі жеткіншекті көлік қағып кеткен.

«2013 жылы туған науқас жансақтау бөлімінде, комада жатыр. Жасанды тыныс алу апаратына қосылған. Жағдайы ауыр. Ал 2014 жылы туған науқас қазіргі таңда травмотология бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Өздігінен тыныс алады», – деді Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жұлдызай Қалиева.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір түнге Марков көшесінің учаскелерінің бірінде қозғалыс шектеледі