Ақтауда әскери қызметші қаза тапты

30.09.2024 11:48

Оқиғаның себептері анықталуда

Ақтауда әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2024 жылдың 28-қыркүйегінде Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін, 1985 жылы туған әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерінен табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған", - делінген хабарламада. 

Алдын-ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне-өзі қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған. Оқиғаның себептері анықталуда. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. 

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Оқи отырыңыз: Елімізде 20 млн тонна астық бастырылды