Ақтауда жасанды пальма өртенді

01.01.2025 09:20

Зардап шеккендер жоқ

 

стоп кадр

Бүгін Ақтау қаласында жағалаудың ашық аумағында жасанды пальма өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, өртті шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

"Өрт болған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз!"– делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қос азаматтығы бар қала тұрғыны екі мемлекеттен зейнетақы төлемін алып отырған