Ақтаудағы қоқысқа толы жағажай жұртты ашындырды

27.07.2025 16:17

Ашық жағажайды қоршап тұрған қоршау да жоқ, кіру де тегін

Видеодан кадр

Ақтау тұрғындары қала маңындағы «Солнышко» демалыс базасына жақын орналасқан жағажайдың санитарлық жағдайына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.  

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жағажай – қала халқы жиі келетін орындардың бірі. Ашық жағажайды қоршап тұрған қоршау да жоқ, кіру де тегін, құмды жағалау көрінісі көз тартады. Алайда аумақтың иесіз жатқаны басты мәселеге айналып отыр.

Айналада ешқандай қоқыс жәшігі қойылмаған, ал кейбір демалушылар өзінен қалған қап-қап қоқысты алып кетуді қиын санап, шөлмектер мен пакеттерді сол күйі жағалауға тастап кеткен.

«Теңізге тегін кіруді талап ететіндердің әрекеті осылай болып жатыр. Әр екі метр сайын қоқыс үйіліп жатыр. Бұл – барып тұрған мәдениетсіздік. Кеше отбасымызбен келіп, бір сағат бойы аумақты тазаладық. Табиғатты тамашалау үшін алдымен тазалық қажет месе пе?! Өте өкінішті жағдай», – деген тұрғындар жағажайдағы жағдайды видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Оқи отырыңыз: Үндістанда храмда болған дүрбелең кезінде 8 адам қаза тапты