Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ басшысы оқиға орнына барды

25.12.2024 21:20

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда, 67 адам болған

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақтауға Қазақстан Республикасының ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов барды, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының деректері бойынша бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың арасында: 6 Қазақстан азаматы, 42 Әзірбайжан азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 16 Ресей азаматы.

"Оқиға салдарынан 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 15 «Әзірбайжан азаматы, 9 Ресей азаматы, 3 Қырғызстан азаматы, 2 адамның азаматтығы анықталуда", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Қазақстан Республикасының ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев және Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ үкіметтік комиссия мүшелері ТЖ орнына келді. Сонымен қатар Әзірбайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаладдин Фаттах оглы Гейдаров ТЖ орнында.

Жедел байланыс үшін Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді.  Жедел желі нөмірлері:

  •   8-7172-55-96-21
  •   8-7172-55-96-83
  •   8-7292-31-90-91

  Оған 571 өтініш түсті.

"Түпқараған ауданы әкімдігінің өкімімен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарын жоюға 490 адам, 97 бірлік техника, 2 әуе кемесі және 10 кинологиялық есеп жұмылдырылды. Жұмыстарға Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадасының және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері тартылды.

ТЖМ кинологиялық қызметі іздеу жұмыстарын жүргізуде. Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан ТЖМ бейнеконференцбайланыс режимінде үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, ақпарат алмасуда.

Оқи отырыңыз: Ақтаудағы ұшақ апаты: оқиға хронологиясы