Ақтаулық ерлі-зайыпты блогерлер заңсыз лотереяға қатысты тергеуге алынды

стоп кадр
стоп кадр

Олар  Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақтауда ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған.

"Лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан", - делінген хабарламада.

Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 миллион теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында алтынды заңсыз өндірген ірі ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді

Новости партнеров