Пойыз құрамында 12 вагон (6 купе, 6 плацкарт) бар
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 4 шілде мен 2 қыркүйек аралығында Ақтөбе – Астана бағытында №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚТЖ дерегінше, пойыз күн ара қатынап, жолаушыларға демалыс кезеңінде ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.
Пойыз кестесі:
Пойыз құрамында 12 вагон (6 купе, 6 плацкарт) бар. Барлық вагон кондиционермен жабдықталған және пойыз 500-ден астам жолаушыны тасымалдауға есептелген.
Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және теміржол кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі сумен қамту жобаларының жүзеге асырылуын тексерді