Ақтөбе облысында киіктерді мотоциклмен қуып жүріп өлтірген ер адам ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com

Автокөлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында полиция браконьерлікке күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 22 қыркүйекте полицейлер «Охотзоопром» АФ қызметкерлерімен бірлесіп, Қарабұтақ ауылы маңындағы Самара — Шымкент тасжолында «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Lada Largus автокөлігін тоқтатқан.

«Автокөлікті тексеру кезінде салоннан ақбөкендердің еті табылды. 42 жастағы көлік жолаушысының айтуынша, пакетте бес ақбөкеннің еті бар, ол жануарларды Ырғыз ауданының аумағында мотоциклмен соғып жүріп құлатқан. Келтірілген шығын көлемі шамамен — 20 млн теңге», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Оралда полицей әйелді қағып өлтірді

Новости партнеров