Ақтөбеде 14 жастағы қыз босанып қалған: министрлік түсініктеме берді

15.10.2025 14:01

Қыз баланы зорлады деген күдікпен алпыс жатсағы ер адам ұсталған

Depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе облысындағы 14 жастағы қыздың босануына байланысты резонансты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл жағдайда жоспарлы профилактикалық тексеру жүргізілмеген, ал жалғыз скрининг биылғы жылдың наурыз айының басында өткен.

«Биыл наурыз айының басында скрининг өткізілді. Бұл — едәуір ұзақ уақыт аралығы. Ол кезде қыздың жүктілік мерзімі өте ерте болған. Мұны байқау қиын, әсіресе скрининг кезінде бізде акушер-гинеколог болмайды. Онда офтальмолог, ЛОР-дәрігер сияқты мамандар ғана болады. Сондықтан оны ешкім анықтай алмаған. Ата-анасы да, туыстары да, мұғалімдері де білмеген», — деді Сұлтанғазиев.

Ол сондай-ақ баладан ешқандай шағым түспегенін және үш рет тексеру жүргізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Бір рет — наурыз айының басында скрининг болды», - деді ол.

Медициналық қызметкерлердің жауапкершілігі туралы сұраққа Сұлтанғазиев "Неге жазалау керек?" — деп жауап берді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тоғызыншы сыныпта оқитын қыз бала мектепте босанып қала жаздаған. Оны зорлады деген күдікпен алпыс жатсағы ер адам ұсталған еді.

Оқи отырыңыз: Алматы маңында болған жол апатынан екі адам қаза тапты