Ақтөбеде "Қазхром" карьерінде екі жұмысшы қаза тапты

30.10.2024 21:58

Жүк көлігі аударылып кеткен

фото: t.me/HromtauLIVE

Ақтөбедегі "Қазхром" компаниясына қарасты карьерде жүк көлігі аударылып, соның салдарынан кабинада отырған 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Жол апаты бүгін Дөң кен-байыту комбинаты филиалының карьерінде болған.

"Жүк көлігі қатты жылдамдықпен бұрылып жатқанда аударылып кеткен. Оқиға орнында жүргізуші мен оның жолаушысы көз жұмды", - делінген хабарламада.

Облыстық полиция депаратменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 277-3-бабы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша 3 жылдан 8 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Күзетшіні қатігездікпен өлтірген күдіктіге қатысты тергеу қайта жалғасады