Ақтөбеде көпқабатты үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе қаласында Абай даңғылындағы көп қабатты тұрғын үйде жарылыс болды . Бір адам қаза тауып, бірнеше адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға бүгін кешкілік болды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама 112 бөліміне түсті. Абай даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында әлдене жарылды. Салдарынан өрт шыққан.

- Оқиға орнына дереу жеткен облыстық ТЖД құтқарушыларының анықтауынша, жарылыс салдарынан шамамен 40 шаршы метр аумақта ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ, 3 және 4-қабат арасындағы аралық құрылымдардың ішінара құлағаны тіркелді. Өрт толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілердің күшімен 73 адам эвакуацияланып, 1 адам құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бір адам қаза тапты. Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы жұмыс жүргізіп жатыр. Апаттық-құтқару жұмыстары мен үйінділерді талдау жалғасып жатыр. Оқиғаның себептері анықталады, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: БҚО-да үй өртеніп, бір отбасының 5 баласы көз жұмды

Новости партнеров