Қатты соққыдан балақай бірнеше метрге ұшып түскен
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Оқиға қаланың орталық көшелерінің бірінде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, такси жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, жоғары жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 7 жастағы қызды қағып кеткен.
Қатты соққыдан балақай бірнеше метрге ұшып түскен. Көлік те тоқтай алмай, тұрақта тұрған үш темір тұлпарды зақымдаған.
Қазір кішкентай қыз жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Оқи отырыңыз: Боралдайдағы жер дауы: тұрғындар балалар алаңының орнына үй салынып жатқанын айтады