Ақтөбеде танымал дәрігерді өлтірген әріптесіне қатысты сот үкімі шықты

Сотталушы сотта кінәсін толық мойындамады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде танымал нефролог дәрігер Абай Айсағалиевті қатыгездікпен өлтірген адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

31 жастағы медицина қызметкері Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, яғни аса қатыгездікпен адам өлтірді және ұрлық бойынша кінәлі деп танылды. Алайда сотталушы сотта кінәсін толық мойындамады.

Ал жәбірленуші тарап моральдық шығын үшін 100 миллион теңге талап еткен еді, бірақ сот бұл соманың 10 миллион теңгесін ғана қанағаттандырды. Жаза алқабилердің ұстанымын ескере отырып шығарылды.

Еске сала кетейік, оқиға биыл көктемде болған. Тергеу барысында 69 жастағы ер адамның қаржысы барын білген әріптесі оның сеніміне кіріп, үйіне барып, аяусыз өлтіргені белгілі болды. Қаскөй марқұмның пәтерін тонап, есепшотынан 6 миллион теңгеден астам қаржыны шешіп алған. Ізін жасыру үшін азаматтың денесін тоңазытқышқа салып, жалға алған көлікпен бір жерден екінші жерге тасып жүрген. 

«Біз әрине, көбірек жыл берілсе деген едік. Бірақ 20 жыл да аз емес. Жеткілікті деп ойлаймыз. Себебі ол менің ағамды тонап, опасыздықпен өлтірді. Марқұм менің әкемдей, ал балаларыма атасындай болған еді», - дейді марқұмның жиені Айбек Қауанов.

Оқи отырыңыз: Түркістандағы жас қызды зорлаған қария ісі: тағы бір шындықтың беті ашылды

Новости партнеров