Ақтөбедегі автогаз құю станциясында көлік өртеніп, бір адам зардап шекті

стоп кадр
стоп кадр

Оқиға орнына құтқарушы-су асты сүңгуірлер отряды және апаттар медицинасы орталығының (АМО) мамандары да келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі автогаз құю станциясындағы видеожазба тарады. Кадрларда көбік шашылған көлік пен жанармай құю бекетінде жүрген өртсөндірушілер көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ТЖД тұрмыстық газ баллонына (25 литр) газ толтыру кезінде көлік өртенгенін хабарлады.

Өртсөндірушілер оқиға орнына жоғары шақырту дәрежесінде шыққан. Оқиға орнына құтқарушы-су асты сүңгуірлер отряды және апаттар медицинасы орталығының (АМО) мамандары да келген.

"Өртсөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт толық сөндірілді. Өрттің АГҚС резервуарлары мен инфрақұрылымына таралуына жол берілмеді", – делінген ведомство хабарламасында.

Басылым мәліметінше, АГҚС операторы зардап шеккен. Ол термиялық күйік алып, ауруханаға жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Алматыда контрабанда схемасы әшкере болды

Новости партнеров