Полицияның процестік құжатынсыз немесе сот шешімінсіз банк/МҚҰ кредитті есептен шығара алмайды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халыққа пайдалы нұсқаулық ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алаяқтық схемасын біле салып, дереу банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) хабарласыңыз.
Кредиттің алаяқтық жолмен ресімделгенін айтып, кредиторға қоңырау шалыңыз немесе жазыңыз.
Мыналарды:
Полицияға хабарласыңыз:
Полицияға өтініш беріңіз (eGov, eOtinish немесе жеке барып). Банктің/МҚҰ-ның күнін, сомасын және атауын көрсетіңіз. Барлық дәлелдемені (SMS, алаяқтар қоңырау шалған нөмірлердің скриншоттары, хат-хабарлар, үзінді-көшірмелер) қоса беріңіз.
Процестік құжатты алыңыз:
Полиция:
Есептеулердің тоқтатыла тұрғанын тексеріңіз
Кредитор полиция құжатын алғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде:
Егер кредитор 4-тармақта көзделген шараларды қабылдаудан бас тартса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағым беру керек.
Банктің/МҚҰ-ның бас тартуын және полицияның процестік құжатын тіркеп, шағымды eOtinish порталы арқылы жіберіңіз.
Берешекті негіздер болған жағдайда ғана есептен шығаруға болады
Алаяқтық кредитті есептен шығару автоматты түрде болмайды. Бұл банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтардың расталған фактілері, сондай-ақ полиция мен соттың құжаттары болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Егер банк немесе МҚҰ міндетті талаптарды бұзса және полиция алаяқтық фактісін растаса:
Қандай бұзушылықтар маңызды болып саналады:
1) онлайн-кредитті ресімдеу кезінде биометриялық идентификаттау жоқ;
2) кредит клиенттің қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі қойылған кезде беріледі;
- 150-ден 255 АЕК-ке дейінгі сомаға банктік қарыз шарты жасалғаннан кейін және қарыз алушының келісімін алмай, 8 сағат бұрын,
- 255 АЕК-тен жоғары сомаға – 24 сағат бұрын;
- 75 АЕК-тен астам сомаға микрокредит – 24 сағат бұрын.
Көрсетілген шектеулер, егер клиент бір күн ішінде бірнеше онлайн-кредит ресімдесе де қолданылады.
Ерекшеліктер: кредит тауарға, қызметке немесе жұмысқа ақы төлеу үшін беріледі және тікелей сатушыға төленеді немесе егер кредит бойынша берешекті сол банкте немесе микроқаржы ұйымында, сондай-ақ төлем картасы бойынша белгіленген лимит шегінде 150 АЕК дейін өтеу көзделсе.
Қандай құжаттар қажет:
1) сізді жәбірленуші деп тану туралы полиция қаулысы (ҚПК-нің 71-бабы), немесе
2) алаяқтық мән-жайларын жою жөнінде шаралар қабылдау туралы полицияның ұсынысы (ҚПК-нің 200-бабы).
Кредитор не істейді:
Кредиттің көрсетілген бұзушылықтармен берілу фактісі анықталған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде және құқық қорғау органдарының процестік құжаттары болған кезде берешекті есептен шығарады, кредиттік тарихқа өзгерістер енгізеді және ұсталған соманы қайтарады.
Егер банк/МҚҰ тарапынан бұзушылықтың жасалғаны айқын болмаса, бірақ полицияның тергеп-тексеруі алаяқтық фактісін растаса.
Не болады:
Банктің/МҚҰ-ның негізгі бұзушылықтары:
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не болады?
Кредитор 10 жұмыс күнінен кешіктірмей:
Білу маңызды:
Дерккөз: Aikyn.kz.
Оқи отырыңыз: Алкоголь өнімін сатқаны үшін 95 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды