Алаяқтық: Жамбыл облысында 300-ден аса қылмыс тіркелген

Almaty.tv
Almaty.tv

Жарты жыл ішінде 400-ге жуық азамат алаяқтардың құрбаны болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында жарты жыл ішінде 400-ге жуық азамат алаяқтардың құрбаны болған. Алдап соққандар тұрғындардың 500 миллион теңгеге жуық қаржысын қолды қылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал аталған дерек былтырғымен салыстырғанда 3 есе көп. Биыл өңірде алаяқтық бойынша 314 қылмыс тіркелген. Оның басым бөлігі интернет арқылы жасалған. Мәселен, Таразда әлеуметтік желі арқылы қайтарымсыз грант алып береміз деп хабарлама таратқан әйел ұсталыпты. Ол 3 жыл бойы тұрғындарға микроқаржылық ұйымдардан несие алдырып, жарты ақшасын өзіне алып отырған. Қазір күдіктімен қоса 6 сыбайласы қамауда. Олар 147 адамның 101 миллион теңгесін қалтаға басқан.

«Биыл 314 алаяқтық қылмыс тіркелген. Оның ішінде 51 пайызы ашылған қылмыстар. Яғни олар бойынша күдіктілер анықталып, ұсталған. СКЛ 72 есепшот бұғатталды. Азаматтық сотпен дропперларға қатысты 16 миллион теңгеге жуық 10 талап арыз қанағаттандырылған. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктермен жәбірленушілердің аттарынан рәсімделген кредиттер бойынша 160 миллион теңгеге жуық тұрақсыз айып тоқтатылған», – деді Жамбыл облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Бақытжан Жылгелдиев.

Биыл интернет алаяқтықпен айналысқан 12 азамат қамауға алынды. Олар 350-ге жуық адамды сан соқтырған.

Айта кетейік, мұндай қылмыстың алдын алу үшін 2024 жылы аймақта мекемеаралық киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылған.

Оқи отырыңыз: Қызметкерлер қылмысы: психикалық орталықта зорланған екі қыздың ісіне қатысты үкім шықты

Новости партнеров